6,8 млрд теңге залал келтірген "ELL QUATY" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

0
72

"HALYK" тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы "ELL QUATY" болып өзгертілген.


6,8 млрд теңге залал келтірген

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. ҚМА Абай облысы бойынша департаменті тұтыну кооперативі түрінде жасырылған "ELL QUATY" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz.

Ұйымдастырушылар азаматтарды "HALYK QUATY" кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендіріп, пайлық жарналарды енгізуді ұсынған.

halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, "Әр отбасыға бақыт!" деген ұранды пайдаланып, "халықтық кооператив" деген жалған бейне қалыптастырған.

"HALYK" тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы "ELL QUATY" болып өзгертілген.

Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар өткізген, соның ішінде "Солнечная Турция" туристік жолдамаларын ұтысқа қойған.

Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына "QAZ INFO MARKET" ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген.

Нәтижесінде пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 млрд теңге қаржы құйған.

Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.