​6 жылға сотталған Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар рақымшылыққа ілінбейді

0
106

Сотталушы қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып алаяқтық жасау және пара алу сынды заң бұзу жасағаны үшін кінәлі деп танылды.


​6 жылға сотталған Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар рақымшылыққа ілінбейді

Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының экс-әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омарға шығарылған сот үкіміне қатысты прокуратура түсініктеме берді, жазады inform.kz.

— Сотталушы қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып алаяқтық жасау және пара алу сынды заң бұзу жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Аталған әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс санатына жатады және мемлекеттік қызметтің негіздеріне, қоғамның сеніміне нұқсан келтіреді. Мемлекеттік айыптаушы істің қысқартылған тәртіппен қаралғанын ескере отырып, заңда көзделген ең қатаң жаза тағайындауды сұрады, — деп хабарлады Өскемен қаласының прокуратурасынан.

Осылайша, сот шешімімен айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
— Қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған тұлғаларға рақымшылық актілері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және тараптар апелляциялық тәртіпте шағым түсіре алады, — делінген хабарламада.