Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Фото: pixabay
ERNUR.KZ. Қазақстанда 5 қазан күні кей аймақтарда жауын-шашын мен түнгі үсік күтіледі, деп жазады Azattyq Rýhy.
Күн райы болжамы: қар, жаңбыр және тұман
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Алайда солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын күтіледі.
Сонымен қатар республика аумағында:
- жел күшейеді;
- түнде және таңертең тұман түседі;
- оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл,
- шығыста көктайғақ болуы ықтимал.
Кей өңірлерде үсік жүреді
Метеорологтар түнгі уақытта бірқатар облыстарда температураның минусқа дейін төмендейтінін ескертті.
1–3 градус аралығындағы үсік келесі аймақтарда күтіледі:
- Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және таулы аудандары;
- Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігі;
- Жетісу облысының солтүстігі мен орталығы.
Өрт қаупі сақталады
Кей өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Оның ішінде:
- Батыс Қазақстан,
- Атырау,
- Ақтөбе,
- Маңғыстау,
- Қостанай,
- Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтары.
Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Ұлытау және Алматы облысының солтүстік бөлігі бойынша да төтенше өрт қаупі бар.