340 мыңнан астам бала жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барады

0
81

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі.


340 мыңнан астам бала жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барады

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта елімізде 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. 1 қыркүйекте 4,1 млн оқушы, оның ішінде 341 мың бірінші сынып оқушылары мен 232 мың 11-сынып түлектері мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі. Атап айтқанда, 2025-2026 оқу жылында ЖИ интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушылар үшін Day of AI онлайн курстары, ал педагогтар үшін үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстары дайындалды.

Сондай-ақ оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерді басқару мәселесін қозғады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басқарудың жаңа стандарты әзірленіп, 3 мыңнан астам педагог үш деңгейлі оқытудан өтті. Аталған модель өз жұмысын осы жылдың қыркүйек айынан бастайды», — деді Ғ.Бейсембаев.