2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

0
71

2025 жылы Ұлытау өңірінде 4,9 млрд теңгеге 819 шақырым электр желілері мен 272 электр жабдығын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілді.


2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

ERNUR.KZ. 1,8 млрд теңгенің жұмысы монополист кәсіпорындарға бекітілген инвестициялық жобалар арқылы іске асты. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылдың Жаңаарқа кентінің электр желілерін салу жобасы бойынша 730 млн теңге қарастырылып, 46,2 шақырым электр желілері тартылды. 1447 жаңа баған және 13 дана толық трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды.

«Облыста газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі қазір өңір бойынша 9,1% құрайды. Жалпы өңірде сомасы 46 млрд теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Жезқазған қаласында 3676 абонентке газ желілер тартылып, 2 нысан газға қосылды. 2030 жылға дейін 63 мыңға жуық облыс тұрғыны газбен қамтылмақ», – деді облыс әкімі.

Ұлытау облысы құрылғаннан бері 549 шақырым автомобиль жолдары және 4 көпір жөнделді. Биыл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден 129 млрд теңгеден астам сомаға ұзындығы 261 шақырым жолға реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Қызылорда-Жезқазған» автожолын реконструкциялау аясында құрылыс жұмыстары биыл басталып, қазіргі таңда төрттен бір бөлігіне асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар өңірде «Қаражал–Атасу» автожолының реконструкциясы, «Ұлытау–Арқалық» автожол аралығында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Облыстық маңызы бар «Сәтбаев–Малшыбай–Жошыхан, Домбауыл кесенесі» автожолының құрылысы аяқталуда. Ағымдағы жылы ұзындығы 316 шақырымды құрайтын Қызылжар – Мойынты жаңа темір жол желісінің құрылысы басталды.

Жалпы облыс аумағында 29 автобустық маршрут ұйымдастырылған. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы облыс бойынша 4 теміржол вокзалында құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс орталығынан 4 өңірге әуе маршруттар бар. 2026 жылы Балқаш және Түркістан қалаларына әуе маршрут ашу жоспарланған.

Тұрғын үй құрылысы саласында 29 үй бойынша жұмыс жүргізілуде. Былтыр 9 үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде шамамен 500 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Әлеуметтік осал топтар үшін 100-ден астам пәтер сатып алынды. «Ұлытау жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында Отбасы банкімен бірлесіп, жыл сайын облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, 45 жас азаматқа пәтер алу мүмкіндігі берілді. 2025-26 жылдары 35 үйдің құрылысы жалғасады.