​2029 жылы қуаты 1,25 млн тонна болатын полиэтилен зауыты іске қосылады

0
126

Бұл жобаны іске асыруға СИБУР, Sinopec сияқты әлемдік компаниялар атсалысады.


​2029 жылы қуаты 1,25 млн тонна болатын полиэтилен зауыты іске қосылады

Фото: Ербол Жанат

ERNUR.KZ. 4 жылдан соң елімізде жылдық қуаты 1,25 млн тонна болатын полиэтилен зауыты іске қосылады. Бұл туралы ҚР ЭМ Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры Темірлан Үркімбаев айтты, деп жазады inform.kz.

— 2022 жылдың қараша айында жылына 500 мың тонна өнім өндіруге қуаты жететін «Kazakhstan Petrochemical industries inc.» полипропилен зауыты іске қосылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша зауыт шамамен 250 мың тонна өнім өндірді. Бүгінгі таңда зауыт қапшықтар, тұтынушылық қаптамалар, кілем бұйымдары, бір реттік ыдыс-аяқ және басқа да өнімдерге арналған 12 маркадағы полипропилен шығарады, - деді ол Power Central Asia + China өңірлік энергетикалық форумында.

Сондай-ақ департамент басшысы 2029 жылы жылдық қуаты 1,25 млн тонна болатын полиэтилен өндіретін зауыт іске қосылатынын айтты.
— Қазіргі таңда болашақ зауыт алаңын дайындауға қатысты бастапқы құрылыс жұмыстарының 49,2%-ы орындалды және пиролиз қондырғыларын орнатуға арналған шұңқыр қазу жұмыстары басталды. Жоба аясында 20-дан астам сұранысқа ие полиэтилен маркаларын (HDPE - жоғары тығыздықтағы полиэтилен және төмен тығыздықтағы полиэтилен – LLDPE) шығару жоспарланып отыр, оның 40%-ы премиум-классқа жатады, - деді Темірлан Үркімбаев.
Спикердің айтуынша, бұл жобаны іске асыруға СИБУР, Sinopec сияқты әлемдік компаниялар атсалысады. Сондай-ақ ең ірі халықаралық EPC мердігерлері, атап айтқанда Tecnimont, Technicas Reunidas, Hyundai Engineering, Sinopec Engineering және басқалары қатысып жатыр. Бұл компаниялардың қатысуы жобаның жаһандық инженерлік және экологиялық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етпек.
Айта кетейік, 2029 жылға дейін 1,6 мың км жылу беру желісі жаңғыртылады.