2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді

0
90

Құрылыс жұмыстары 759 млрд теңгеге қаржыландырылады.


2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді

ERNUR.KZ. 2026 жылы Қазақстанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Осы мақсаттарға 1,1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

Құрылыс жұмыстары 759 млрд теңгеге қаржыландырылады. Ал 379 млрд теңге бойынша ЕРС-мердігері айқындалған жобалар шеңберінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, отандық тауар өндірушілерден материалдар сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«2025 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қаржыландыру көлемі 547 млрд теңге болатын 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделді. Бұдан бөлек, 8 кәсіпорын тәуекелі жоғары «қызыл» аймақтан шығарылды», – деді ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Үкімет отырысында.