2025 жылы Қазақстанда 2,7 мыңнан астам қызылша жағдайы тіркелді

0
78

Дәрігердің айтуынша, ауру көбінесе егілмеген адамдар арасында тіркелген.


2025 жылы Қазақстанда 2,7 мыңнан астам қызылша жағдайы тіркелді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 2025 жылғы 19 қарашада СЦК-да өткен брифингте елдегі қызылша аурулары туралы айтты, деп жазады zakon.kz.

Оның сөзінше, науқастар саны өткен жылмен салыстырғанда азайған.

"Қазақстанда 10 ай ішінде 2798 қызылша жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,1 есе төмендеді", – деді Бейсенова.

Дәрігердің айтуынша, ауру көбінесе егілмеген адамдар арасында тіркелген.

"Науқастардың шамамен 80%-ы егілмегендерге тиесілі. 2225 егілмеген адамның 49%-ы – екпеден бас тартқандар. 21%-дан астамы – медициналық көрсеткіштер бойынша. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ", – деп қосты дәрігер.

Бүгін біз жазғанымыздай, Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау өршуіне байланысты 132 мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді.