Талапкерлер 24 шілдеге дейін құжат тапсыра алады.
Бүгін еліміз бойынша білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды. Ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Еске сала кетсек, биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Құжаттарды кез келген жоғары оқу орындарының орналасқан жері бойынша тапсыруға болады.
Білім гранты конкурсына қатысу үшін өандай құжаттар қажет
жеке куәлік,
ҰБТ сертификаты;
3х4 көлеміндегі фото
орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом)
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.