10 адамның өмірін қиған жол апаты кезінде Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Жетісу облысында 10 адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі көліктің рөлінде жасөспірім болған. Бұл туралы жол қозғалысы мәселесі қаралған үкімет отырысында айтылды, деп жазады sputnik.kz.
"Nissan Cefiro-ны жасөспірім жүргізген", - деп атап өтті ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
Отырыста премьер-министр Олжас Бектенов демалыс күндері болған ірі екі жол апатын еске алды.
"Жексенбіге қараған түні Қарағанды облысында 5 адам, ал Жетісу облысында 10 адам қаза тапты. Соңғы жағдайда апатқа кінәлі адам әлі жүргізуші куәлігін алмаған болып шықты", - деді Бектенов.
Айта кетері, 10 адамның өмірін қиған жол апаты кезінде Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан алдымен Lada ВАЗ-бен, одан кейін Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.