1 қазаннан бастап Қазақстанда валюталық депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді

0
101

Жаңа шарттар 2026 жылғы 1 қазаннан кейін ашылған немесе ұзартылған депозиттерге қолданылады.


1 қазаннан бастап Қазақстанда валюталық депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ERNUR.KZ. 1 қазаннан бастап Қазақстанда кейбір валюталық депозиттер бойынша шарттар өзгереді. Банктер шетел валютасындағы ұзақ мерзімді жинақ салымдары бойынша жоғары мөлшерлемелер ұсына алады, деп жазады tengrinews.kz.

Не өзгереді?

1 қазаннан бастап мерзімі бір жылдан асатын жинақ валюталық салымдары бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме жылдық 1 пайыздан 2,5 пайызға дейін өседі.

Бұл ретте әңгіме барлық банк салымшыларға 2,5 пайыз төлеуге міндетті болатыны туралы болып отырған жоқ. ҚДКБҚ жоғарғы шекті белгілейді, ал нақты мөлшерлемені әр банк өз бетінше анықтайды.

Жаңа шарттар 2026 жылғы 1 қазаннан кейін ашылған немесе ұзартылған депозиттерге қолданылады.

Басқа валюталық депозиттер үшін ештеңе өзгермейді. Мерзімді және мерзімсіз салымдар, сондай-ақ мерзімі бір жылға дейінгі (бір жылды қоса алғанда) жинақ депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме 1 пайыз деңгейінде қалады.

Мөлшерлемелерді көтеру туралы шешімнің себебі

ҚДКБҚ бұл шешімді Қазақстандағы валюталық депозиттер үлесінің төмендеуімен түсіндірді.

Егер 2015 жылы депозиттерді долларландыру деңгейі 80 пайызға жетсе, 2026 жылғы 1 қыркүйекке қарай ол 19,2 пайызға дейін төмендеді. Қор бұл көрсеткіш валюталық салымдар бойынша мөлшерлемелерге қойылған шектеулерді біртіндеп жұмсартуға мүмкіндік береді деп санайды.

Сонымен қатар валюталық депозиттер бойынша кепілдік көлемі өзгермейді. Банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ шетел валютасындағы салымдар, шоттар мен төлем карталары бойынша есептелген сыйақыны ескере отырып, 5 миллион теңгеге дейін өтемақы төлеуге кепілдік береді.