Бұл ерекше пісірмені бір жасап көрсеңіз, үнемі әзірлеуге асығып тұратын боласыз!
Қажетті қоспалар:
- 1 дана пияз
- 3 стақан саңырауқұлақ
- 2 дана сәбіз
- 2-3 стақан жасыл бұршақ
- 2 ас қасық зәйтүн майы
- 1 шай қасық эстрагон дәмдеуіші
- 2-3 стақан сорпа
- 1 дана қатпарлы қамыр
- 2 ас қасық пармезан ірімшігі
- Дәміне қарай тұз, бұрыш, әсемдеуге қайнатылған картоп қажет.
Дайындалу тәсілі:
- Табаға зәйтүн майы құйып, отқа қоямыз. Туралған пияз бен сәбізді қызып тұрған майға салып қуырамыз. Сосын саңырауқұлақтарды салып, 2-3 минут қуыру керек.
- Содан соң табаға жасыл бұршақты салып, эстрагон дәмдеуішін қосып, сорпаны құямыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш себелеуді ұмытпаймыз.
- Осылайша қуырылған көкөністерді арнайы формаға аударамыз. Оның бетіне қатпарлы қамырды сәл ғана жайып салып жібереміз. Содан соң қамырдың бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеп, форманы пешке саламыз.
- 15-20 минутта тағам дайын болады. Дайын пісірмені қайнатылған картопппен әсемдеп ұсына беруге болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
ДӘМДІ МӘЗІР: Картоп пен тауық еті салынған тойымды пирог