​Тауық етінен дайындалатын ең дәмді тағам

0
1 737

Дәмі тіл үйірер тағамды сіз де жасап көріңіз.


​Тауық етінен дайындалатын ең дәмді тағам

Қажетті қоспалар:

  • 350 гр. тауықтың төс еті
  • 400 мл 20 пайыздық кілегей
  • 1 шай қасық томат тұздығы
  • 1 дана пияз
  • 1-2 тіс сарымсақ
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • 1 шай қасық карри дәмдеуіші
  • Тұз, бұрыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық етін текшелеп турап, тұз, бұрыш қосып, араластырамыз.
  2. Содан соң тауық етін өсімдік майына қуырып, қызартып аламыз.
  3. Қуырылған тауық етін табадан аламыз.
  4. Тауық еті қуырылған табаға сары майды салып ерітіп, туралған пиязды салып қуыру керек.
  5. Пияз да қызара бастағанда майдалап туралған сарымсақты салып жібереміз.
  6. Сарымсақтың иісі шығып, қуырма дайын болды-ау дегенде томат қосуға болады.
  7. Томатты салғаннан кейін 2 минуттай қуырып, карри дәмдеуішін қосамыз.
  8. Содан соң осы қуырмаға қуырылған тауық етін салып, кілегейді құямыз.
  9. Отты жай басып, табаның қақпағын жауып, буда пісіреміз. 10-15 минутта тауық еті де дайын болады. Мұндай дәмді әрі ерекше тауық етін қайнатылған күрішпен, қуырылған көкөністермен дастарханға ұсынуға болады. Дәмі тіл үйірер тағамды сіз де жасап көріңіз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


НАН ҚУЫРДАҚ жасап көрдіңіз бе?