​Картоп пен көк пияз қосылған пісірме

0
1 299


​Картоп пен көк пияз қосылған пісірме


Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. ет
  • 900 гр. картоп
  • 20 гр. көк пияз
  • 20 гр. сары май
  • 200 гр. ірімшік
  • 2 тіс сарымсақ
  • 0,5 стақан кілегей


Дайындалу тәсілі:

  1. Етті ірілеп турап, үстінен асханалық балғамен ұрып, дайындап аламыз. Сосын етті табаққа салып, тұз бен дәмдеуіштер себелейміз. Ұсақталған сарымсақты да қосып, 5-10 минут дәмдеуіштердің етке сіңгенін күтеміз.
  2. Пісірмеге арнайы ыстыққа төзімді форманы алып, майлаймыз. Сарымсақ жағуға да болады.
  3. Сосын етті табаға жайғастырып, майдалап туралған көк пиязды да салуға болады.
  4. Картоптың қабығын аршып, тазалап жуып, жұқалап тураймыз. Дайын болған картопқа тұз, дәмдеуіштер қосып араластырып қоямыз.
  5. Осы картопты енді еттің бетіне жайып саламыз. Енді кілегейді бір ыдысқа құйып, азырақ тұз, бұрыш қосып, картоптың бетіне құйып шығу керек. Кілегей тағамға ерекше дәм беріп, дәмдеуіштерді біріктіре түседі.
  6. Енді ірімшікті үккіштен өткізіп, пісірменің бетіне себелеу ғана қалды.
  7. Пешті алдын-ала 200 градусқа қойып қызддырып, пісірмені салып, 45-50 минут бойы пісіреміз. Осы уақыт аралығында тағамымыз да дайын болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қазақша САЛАТ: қарыннан да дәмді тағам жасап көріңіз