Картоп пісірмесін кешкі асқа ұсыныңыз!
Қажетті қоспалар:
- 7 дана картоп
- 50 гр. өсімдік майы
- 300 гр. тауық еті
- 2 дана пияз
- 100-150 гр. майонез
- 150 гр. қатты ірімшік
- Дәміне қарай 1-2 шай қасық тұз
- Дәміне қарай қара бұрыш қосылады.
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен етті тазалап жуып, кептіріп, 1 см қалыңдықта турап алыңыз. Сосын асханалық ұрғышпен етті езіп дайындап алу керек.
- Картоптың қабығын аршып, тазалап жуасыз. Пияздың да қабығын аршып, жуып, жұқалап турап алу керек.
- Аршылған картоптарды 3-4 миллиметр жұқалықта тураған дұрыс.
- Табаны майлап, картоптың жартысын салып, тұз себелеңіз. Оның бетіне тауық етін салу керек. Еттен соң туралған пиязды жайып саласыз. Кейіннен қалған картопты салу керек. Арасына тұз сеуіп, майонез жағып отыруды ұмытпаймыз. Табаны қызып тұрған пешке салып, 40 минуттай пісіресіз.
- Қатты ірімшікті үккіштен өткізіп алып, 40 минуттан кейін пісірменің бетіне себеллеңіз де, қайтадан пешке салып, 5-10 минут пісіресіз. Осы уақыт аралығында француз тағамы да дайын болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
ДӘМДІ МӘЗІР: Бұқтырылған балық пен көкөніс