Енді ел-жұрт көліктерінің қыстық шинасын шеше берсе болады.
Қазір көктем мезігілінің кіргеніне бірнеше күн болды. Енді ел-жұрт көліктерінің қыстық шинасын шеше берсе болады. Әйтпесе, күн жылынғаннан кейін де қыстық шинамен жүру қауіптің жоғарылауына, жабынның шамадан тыс тозуына, отын шығынының жоғарылауына және көлік жүргізу ыңғайлылығының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Яғни, жолдардағы қар-мұз еріп, тұрақты температура орнағаннан кейін, дөңгелектерді ауыстырған жөн. Сіз мұны кез-келген автокөлік шеберханасында жасата аласыз немесе шиналарды ауыстыру қызметін пайдалана аласыз.
Бірақ ескі дөңгелектерді қайда, қалай сақтау керек? Бүгін осы сұрақтың жауабын бірге анықтаймыз.
САҚТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қыстық және жаздық нұсқа бір-бірінен түбегейлі ерекшеленеді. Айырмашылықтар әсіресе дизайн процесінде көрінеді.
Суық мезгілге арналған шиналар жұмсақ резеңке қоспасынан жасалған. Бұл аязды жағдайда икемділікті қамтамасыз етеді және қар-мұзбен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Алайда жұмсақ резеңке ыстық және құрғақ асфальтта өте тез тозады. Сонымен қатар, қозғалыс кезінде үйкелістен пайда болған жылуды шығаратын ламелалардың үздіксіз жұмысы жазда қыстық шиналардың қызмет ету мерзімін одан әрі қысқартады. Мұның арғы жағында қауіп-қатер мен шығын бар екені айтпаса да түсінікті шығар.
Сондай-ақ, қыстық шина қарды жақсы шығарып жіберетін тереңірек қорғағышқа ие. Бірақ дымқыл жолда қасиеттерін жоғалтады.
Тағы бір айырмашылық - күшейтілген бүйір қабырға. Мұндай дөңгелектер 7 градустан төмен температураға өте ыңғайлы.
Көктем келгенде автокөлікке арналған қыстық шинаны ауыстыру заңнамамен реттелмейді, сондықтан жауапкершілік жүргізушілердің өздеріне жүктеледі.
МАУСЫМҒА САЙ КЕЛМЕЙТІН ДОҢҒАЛАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ ҚАНДАЙ?
Қыстық шина жоғары температурада шамадан тыс тозуға ұшырайды. Бұл дегеніміз, бір маусымда шинаның толық тозып бітетінін білдіреді. Протектор құрылымы мен бүйір қабырғаларының құрылымына байланысты олар жоғары жылдамдықта бұрылыстар жасауға бейімделмеген. Қыстық шина жаз мезгілінде жолдан шығып кету және соқтығысу қаупіне әкеледі.
САҚТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
Алдымен қыстық шинаны жуыңыз және құрғатыңыз. Абразивті заттарды қолданбаңыз. Консервант химиясымен өңдеңіз. Қазір автомобиль дүкендерінде резеңке өңдеуге арналған әртүрлі спрейлер мен гельдердің түр-түрін табуға болады. Орналасу белгісін қойыңыз: алдыңғы немесе артқы дегендей. Әр доңғалаққа арнайы қапшық сатып алудың да пайдасы көп. Бұл ультракүлгін сәуленің түсуіне жол бермейді.
Жарамдылық мерзімін бақылауды ұмытпаңыз. Оңтайлы, тұрақты жұмысқа қолданылған шиналар 4-5 маусымға жарайды. Сонымен қатар, протектордың тозуына назар аудару керек. Заң бойынша оның тереңдігі кемінде 1,6 см болуы қажет.
ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІ ДҰРЫС САҚТАУДЫҢ БІРНЕШЕ ӘДІСІ БАР
Кейбір жүргізушілер оларды гаражда, басқалары балконда қалдыруды жөн көреді. Осы ретте дұрыс сақтамау оларды жаңасына ауыстырудың себебі болып табылатынын айту керек. Қабырғасына немесе сымына механикалық зақым келген шиналарды міндетті түрде ауыстыру қажет.
Көбінесе жүргізушілер шинаның тозуына жол сапасының нашарлығын себеп қылады. Бірақ доңғалақтарды сақтау шарттары мен ережелерін білмейтінін мойындамайды.
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
Әрине, барлық жүргізушілер шинаны арнайы қызметке сақтауға бере алмайды және оны балконда, жертөледе немесе гаражда сақтайды. Олардың басты жауы ультракүлгін сәуле болып табылады. Бұл шинаның тез құрғауына және жарылуына әкеледі. Егер сақтаудың басқа нұсқасы болмаса, бетін қапшықпен немесе басқа материалмен қорғау маңызды.
Қандай әдісті таңдасаңыз да, жалпы ұсыныстарды ұстану керек:
Жуылған және кептірілген шиналарды ауа-райының әсеріне ұшырамайтын орташа температурада, құрғақ жерде сақтау керек.
Күн сәулесінің тікелей түсуіне жол бермеу керек. Бұл крекингке әкеледі. Қойма ретінде балконды таңдамаған дұрыс. Жазда ыстық болатын гараж да жақсы шешім емес.
Оңтайлы орын – жабық бөлме: құрғақ, салқын, қараңғы. Ол жерді мезгіл-мезгіл желдетіп отыру керек. Ең дұрысы, температура бөлме температурасынан аспауы керек.
Дөңгелектердің химиялық заттармен, майлармен, еріткіштермен немесе отынмен жанаспауын қадағалаңыз.
Оларды бетонда қалдырмаңыз. Астына тақтайлар немесе картон салған дұрыс.
Шиналарды ілмектерге іліп қоюға болады. Осылайша олар келесі маусымға дейін күте алады.
Шина дикте болса автомобиль өндірушісі ұсынған қысымды сақтаңыз.
Дискілері жоқ шиналарды бірінің үстіне бірін қоюға болмайды. Бұл оларды деформациялайды. Сондай-ақ, оларды ілмектерге немесе шегелерге іліп қоюға болмайды, себебі бұл оларды зақымдауы мүмкін.
Дөңгелектерді анда-санда айналдыру ұсынылады.
Тікелей жылу көзінен аулақ болыңыз. Қашықтық - кемінде бір метр.
Ылғалдылық - 70%-дан аспауы қажет.
Жақын жерге өткір заттарды орналастырмаңыз.
Қапшықтар қызмет ету мерзімін ұзартады және ерте тозудан қорғайды. Бірақ дөңгелектер металл дискілерде болса, онда мұндай сөмкені герметикалық етіп жасаудың қажеті жоқ. Әйтпесе, жинақталған конденсат зақым келтіреді.
Шинаны жақсы күйде ұстаудың тағы бір заманауи тәсілі – «шиналар қонақ үйіне» беру. Бұл әрдайым оңтайлы температура мен ылғалдылық пайызын сақтайтын қоймалар. Қызмет әсіресе гараждары жоқ қала тұрғындары үшін өзекті.
АУЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ?
Автокөлік шеберханасына ауыстыратын шиналарды бермес бұрын олардың жақсы күйде екеніне көз жеткізіңіз.
Әр түрлі төмпешіктер мен басқа да зақымдар шинаны қайта орнатуға жарамсыз етеді.
Протектордың тереңдігін тексеріңіз. Бұл үшін қарапайым калибр жеткілікті.
Дөңгелектерді өзіңіз ауыстырмаңыз, өйткені бұл операция кезінде оларды теңестіру керек.
Теңгерімсіздік доңғалақ хабы мойынтіректерінің жұмысына және жүргізу ыңғайлылығына теріс әсер етеді. Нашар тепе–теңдіктің алғашқы белгісі – рөлдің дірілдеуі.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Осы ережелерді білген жүргізуші көктемде АПАТТАН АМАН болады
ҚАЙСЫСЫН ТАҢДАҒАН ДҰРЫС: Кондиционер немесе климаттық бақылау?


