Абырой болғанда, оның Жермен соқтығысу ықтималдығы жоқ.
Фото: 5 канал
ERNUR.KZ. Астероидтың массасы Челябі метеоритінен шамамен 1000 есе ауыр екені айтылуда, деп жазады inbusiness.kz.
Осылайша, "2025 FA22" деп аталатын астероид бүгін, яғни 18 қыркүйекте Жерге ең жақын қашықтықта ұшып өтеді. ТАСС басылымы мұның биыл бақылауға алынған ең ірі астероидтардың бірі екенін жазды.
Зертхананың мәліметінше, аспан денесі Жерден Ай орбитасының диаметріне жуық қашықтықта өтіп, планетаға ең жақын тұсы Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 10:00 шамасында болады.
Ғалымдардың мәліметінше, астероидтың орташа ені – 166 метр, ұзындығы – 290 метр.
– 2025 жылы бұл – планетаға миллион шақырымнан аз қашықтықта өтетін ең ірі тасты дене немесе кем дегенде ең ірілерінің бірі, – дейді мамандар.
Сондай-ақ, ғалымдар астероидтың Жермен соқтығысу ықтималдығы "нөлге тең" екенін жеткізді.