Метеорологтердің 2022 жылғы есептеулеріне қарағанда, озон қабаты осы ғасырдың ортасына дейін 1980-жылдар деңгейіне жетуі мүмкін.
Фото: DW
ERNUR.KZ. Әлемдік метеорологиялық ұйымның (ӘМҰ) деректеріне сәйкес, 2024 жылы озон тесігі 2020-2023 жылдар аралығымен салыстырғанда кішірейген, деп жазады inform.kz.
Ұйымның мәлімдеуінше, озон қабатының қалпына келуіне табиғи атмосфералық құбылыстар, сонымен қатар бұрын тоңазытқыштар, кондиционерлер, өрт сөндіргіш көбік пен шашқа арналған лак өндірісінде қолданылған озон қабатын бұзатын заттардан біртіндеп бас тарту әсер еткен көрінеді.
Метеорологтердің 2022 жылғы есептеулеріне қарағанда, озон қабаты осы ғасырдың ортасына дейін 1980-жылдар деңгейіне жетуі мүмкін.
Арктика үстінде – 2045 жылға дейін, ал Антарктика үстінде – 2066 жылға дейін қалпына келеді деп болжанып отыр.
Жер атмосферасындағы озон қабатының бұзылуы ғаламшар бетінде зиянды ультракүлгін сәулеленудің көбеюіне әкеледі. Бұл адамда тері қатерлі ісігі мен катаракта ауруларының артуына, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың зардап шегуіне себеп болады.
Бұдан бұрын қытайлық ғалымдар ғаламшараралық саяхатқа ыңғайлы киім ойлап тапқанын жазған едік.