Ыстықкөл маңына жойғыш ұшақтан оқ-дәрілер түсіп қалған

0
80

Оқиға 31 наурызда кешке қарай Ыстықкөл ауданы Сары-Қамыс ауылының жоғарғы бөлігіндегі егістік алқабында болған.


Ыстықкөл маңына жойғыш ұшақтан оқ-дәрілер түсіп қалған

видео кадры

ERNUR.KZ. Қырғызстанда Ыстықкөл облысы үстінен ұшып бара жатқан жойғыш ұшақтан оқ-дәрілер түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Күш құрылымдарындағы дереккөздер мәліметінше, оқиға 31 наурызда кешке қарай Ыстықкөл ауданы Сары-Қамыс ауылының жоғарғы бөлігіндегі егістік алқабында болған. Салдарынан екі шұңқыр пайда болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.



Ыстықкөл облыстық ІІБ 24.kg басылымына аталған деректі растады. Материалдар одан әрі тексеру жүргізу үшін Әскери прокуратураға жолданған. Оқиғаның мән-жайы мен түсіп қалған оқ-дәрілердің түрі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан аумағында, Атырау облысында кезекті ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат тараған болатын.