​Вьетнамда «Кадзики» тайфунынан 12 мыңнан астам үй қирап, 7 адам қаза тапты

0
88

Ел астанасы Ханойдың басым бөлігін су басты.


​Вьетнамда «Кадзики» тайфунынан 12 мыңнан астам үй қирап, 7 адам қаза тапты

Фото: VNA

ERNUR.KZ. Вьетнам үкіметі «Кадзики» тайфунынан зардап шеккендер туралы ақпаратпен бөлісті, деп жазады inform.kz.

Үкімет сайтында жарияланған алдын ала мәліметтерге сәйкес, тайфун салдарынан болған толассыз жаңбыр 7 адамның өмірін қиды. Сондай-ақ табиғи апаттан 12 мыңнан астам үй қирады. Ел астанасы Ханойдың басым бөлігін су басты.

Сонымен қатар су тасқынынан 81,5 мың гектардан астам күріш алқабы мен 4,5 мың гектар басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары жойылып, 1,6 миллион адам электр жарығынсыз қалды.
Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь елдің министрліктері мен ведомстволары, ірі корпорациялардың басшыларына және провинциялық билікке арналған жолдауға қол қойды. Құжатта тайфунның зардаптарымен күресу бойынша нұсқаулықтар тізімі берілген. Атап айтқанда, үйлерді, көліктік және желілік инфрақұрылымды қалпына келтіру, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу, ауыл шаруашылығына келтірілген шығынды азайту үшін күштер мен құралдарды жұмылдыру тапсырылды.
Вьетнам метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, 27 тамызда жауын-шашын жалғасады, солтүстік пен солтүстік-шығыстағы кейбір аудандарда 70 мм-ге дейін жаңбыр жаууы мүмкін. Сонымен қатар 9 провинцияда су тасқыны қаупі бар.