ERNUR.KZ. Жапонияда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Елдос Сүгірбай есімді азамат желідегі жеке парақшасына жапонның домбыра тартып отырған сәті таспаланған видеоны жүктеді, деп жазады BAQ.KZ.
“ Көшеде келе жатып, домбыра үнін естідім! Мұндайды түсімде көрсем де сенбес едім “, – дейді видео авторы.
Кейін ол жапон домбырашысына жақындап, оның бұл аспапты қайдан үйренгенін сұрайды. Музыканттың айтуынша, ол домбырамен алғаш рет Ыстамбұлда танысқан.
“ Мен Ыстамбұлда бір қазақпен таныстым, сол кісі домбыра тартуды үйретті. Кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқыған Тұрысбек мырзамен танысып, шеберлігімді шыңдадым. Одан әрі өз бетіммен нота арқылы үйрендім “, – деп жауап берді ол.
Сондай-ол домбырашы Секен Тұрысбекпен кездескенін де атап өтті. Әңгіме барысында ол «Адай» күйін орындады.