Тәшиев қырғызстандықтардан кешірім сұрады

0
127

Қамчыбек Ташиев әр шаңыраққа бейбіт өмір, амандық пен молшылық тіледі.


Тәшиев қырғызстандықтардан кешірім сұрады

фото: akipress.org

ERNUR.KZ. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамчыбек Ташиев қырғызстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жұрттан кешірім сұрады. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады ulysmedia.kz.

Қамчыбек Ташиев әр шаңыраққа бейбіт өмір, амандық пен молшылық тіледі. Сондай-ақ ол елді бірлікке, өзара түсіністікке шақырып, бұл күндері кешірім мен рухани тазарудың маңызы зор екенін атап өтті.

— Егер мен қандай да бір қателік жасап, біреудің көңіліне тисем, кешірім сұраймын. Қасиетті Орозо айында түрлі қауесет таратып, қаралағандардың бәрін Алла разылығы үшін кешірдім. Енді олар мұндай әрекетке қайта бармайды, шындыққа сай келмейтін ақпарат таратпайды деп үміттенемін. Алла олардың жүрегіне иман берсін. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, — деді Қырғызстан арнайы қызметінің бұрынғы басшысы.

Әлеуметтік желіде тараған видео қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр.