​Тайванда толассыз нөсер жауыннан 3 адам қаза тапты

0
110

Билік 800-ден астам адамды эвакуациялаған.


​Тайванда толассыз нөсер жауыннан 3 адам қаза тапты

Фото: Report.az

ERNUR.KZ. Тайванда бірнеше күн бойы жауған толассыз нөсер жауыннан 3 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алды, деп жазады inform.kz.

– Оңтүстік-батыс ауа ағынының ықпалынан Тайванның орталық және оңтүстік өңірлерінде бірнеше күн бойы нөсер жауын тоқтамай жауып тұр. Үш адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды, сондай-ақ ірі апаттар тіркелді, - делінген хабарламада.

Басылымның жазуынша, кейінгі жеті күн ішінде Пиндун уезінің таулы аймақтарында 2 000 миллиметрден астам жауын-шашын түскен. Бұл жолдардың су астында қалуына және көптеген жерлерде көшкіннің жүруіне себеп болды. Билік 800-ден астам адамды эвакуациялаған. Пиндун уезінің сегіз елді мекенінде 10 тамызға дейін алты күнге жұмыс пен оқу тоқтатылды.
Сонымен қатар Гаосюн қаласының кейбір бөліктерінде бір күн ішінде 700 миллиметрден астам жауын-шашын түскен. Бұл өңірден 3 100-ден астам адам эвакуацияланды. Метеорология басқармасы Тайванның оңтүстік таулы аймақтарында нөсер жауын, найзағай және қатты, екпінді желдің жалғасатынын болжап отыр.