Күні кеше аталған елде алып кран жолаушылар пойызына құлап, 22 адам қаза тапқан еді.
Фото: CNA
ERNUR.KZ. 24 сағат аралығында Таиландтың басқа аймағында дәл осындай оқиға қайталанып отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Кранның Бангкок шетінде жол салу үшін пайдаланылғаны белгілі болды.
BBC-дің жазуынша, Таиландтың ең ірі құрылыс салушылардың бірі – Italian-Thai Development компаниясы краны құлаған 2 құрылыс жобасына да жауапты саналады.
Ол компания сондай-ақ былтыр наурызда жер сілкінісі уақытында құлаған Бангкоктағы зәулім ғимаратқа да жауапты көрінеді.
Шыны керек, соңғы жылдары Таиландтың құрылыс алаңдарында өлімге әкелетін апаттар күрт көбейді. Бұл өз кезегінде ішінара стандарттар мен ережелердің сақталмауынан туындайды.
Соңғы 7 жылда Бангкоктан елдің оңтүстігіне қарай созылатын тасжолдағы апаттардан шамамен 150-ден көп адам қаза тапқан.
AFP ақпарат агенттігі бейсенбі күні құлаған тасжол соңғы жылдары бірнеше рет болған апаттарға байланысты "Өлім жолы" деген атқа ие болғанын жазады.
Таиланд премьер-министрі құрылыстағы жауапсыздық мәселесін бірінші орынға қоюға уәде берді.


