Таиландта пойыздың үстіне кран құлап, 20-дан астам адам қаза тапты (ВИДЕО)

0
83

​Құрылыс 2028 жылға дейін Бангкокты Қытаймен қосуы керек.


Таиландта пойыздың үстіне кран құлап, 20-дан астам адам қаза тапты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Таиландта құрылыс краны жолаушылар пойызының үстіне құлап, ауыр апат болды. Салдарынан пойыз рельстен шығып, 22 адам қаза тапты, 30-дан астамы жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Reuters дерегінше, 19 адам көз жұмып, 80 адам зардап шеккен.

Оқиға Бангкоктан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Накхонратчасима қаласында болған. Пойызда 195 жолаушы болған, ол Бангкоктан Убонратчатани провинциясына бет алған. Кран құлағаннан кейін пойызда өрт шығып, кейбір мәйітті әлі де шығару мүмкін болмай отыр.

Кран жоғары жылдамдықты теміржол желісінің құрылысы кезінде қолданылған. Аталған жоба 2028 жылға дейін Бангкокты Қытайдың Куньмин қаласымен байланыстыруды көздейді. Құны 5,4 млрд долларды құрайтын жоба Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында қаржыландырылып отыр.