Таиландта 1 қазаннан бастап туристер үшін кіру ережесі өзгереді

0
131


Таиландта 1 қазаннан бастап туристер үшін кіру ережесі өзгереді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Таиландта шетелдік туристер үшін өзгеріс дайындалып жатыр. Елде 1 қазаннан бастап қазіргі TDAC жүйесін алмастыруы тиіс кіруге арналған жаңа мобильді қосымшаны іске қосу жоспарланып отыр, деп жазады tengrinews.kz.

Bangkok Post мәліметінше, мәселе Таиландтың иммиграциялық басқармасы әзірлеп жатқан Thailand Immigration Management System (THIM) сервисі туралы болып отыр.

Туристер үшін не өзгереді?

Қазіргі уақытта саяхатшылар Таиландқа әрбір сапары алдында TDAC электронды миграциялық картасын толтыруы тиіс. Сауалнамада төлқұжат деректерінен бастап тұрғылықты мекенжайы мен медициналық ақпаратқа дейін 20-ға жуық тармақ бар.

Жаңа қосымша арқылы бұл процесті жеңілдету көзделген. Пайдаланушы профильді бір рет қана жасайды, ал келесі сапар алдында тек рейс пен саяхат күндері туралы деректерді жаңартып отыру қажет.

Тағы бір өзгеріс - туристерге бұдан былай төлқұжат бақылауында QR-код көрсетудің қажеті болмайды. Төлқұжатты сканерлегеннен кейін ақпарат жүйеде автоматты түрде пайда болады.

Бұдан бөлек, THIM арқылы мыналарды қосу жоспарланған:

  • иммиграциялық ведомствоға электронды түрде жазылу;
  • құжаттарды қашықтан сұрату;
  • шетелдіктерге арналған қосымша онлайн-сервистер.

Қашан енгізіледі?

Asia-One мәліметінше, Таиландқа кіруге арналған жаңа қосымша 1 қазаннан бастап іске қосылады. Бұл миграциялық картаны толтыру уақытын шамамен 3 минутқа дейін қысқартады деп күтіледі.

Қазіргі уақытта кіру тәртібі қалай жұмыс істейді?

Қазіргі уақытта шетелдіктер 2025 жылы енгізілген Таиландқа келудің цифрлық картасын (TDAC) пайдалануды жалғастырып жатыр.

TDAC картасын болжамды келу күніне дейін үш күннен ерте емес уақытта толтыруға болады. Мысалы, сіз Таиландқа 5 мамырда ұшып келуді жоспарласаңыз, рәсімдеуді 2 мамырдан бастай аласыз. Жүйе іске қосылған күні, яғни 1 мамырда келетіндер үшін сайт деректерді беруге 28 сәуірден бастап ашылады.

Форма Таиланд Иммиграциялық бюросының ресми порталында қолжетімді.

Сауалнаманы жеке де, саяхатшылар тобына бірден де рәсімдеуге рұқсат етіледі. Деректерге өзгерістерді ұшуға дейін кез келген уақытта енгізуге болады. Сауалнамада келесі ақпаратты көрсету қажет:

  • төлқұжат деректері;
  • жеке мәліметтер;
  • сапардың мақсаты мен егжей-тегжейі;
  • Таиландта тұратын мекенжайы;
  • қысқаша медициналық декларация.
"Таиландта тұрақты тұратын шетел азаматтары форманы толтыру кезінде "Country of Residence" бөлімінде Thailand елін таңдауы тиіс", - деп толықтырды ведомство.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылы бұл қызметті 10 миллионнан астам адам пайдаланған.