17 жастағы екі мас жасөспірім жеке бөлмеде үстелдің үстіне шығып, қайнап тұрған сорпаға дәрет сындырған.
ERNUR.KZ. Қытайда мас болған жасөспірімдер сорпаға дәрет сындырғаннан кейін, олардың ата-аналарына мейрамханаға өтемақы төлеу міндеттелді, деп жазады baq.kz.
Шанхай соты жасөспірімдердің Қытайдағы әйгілі мейрамханалардың бірінде сорпаға дәрет сындырғанын анықтап, ата-аналарын "қамқоршылық міндеттерін орындамады" деп танып, 2,2 миллион юань (шамамен 227 000 фунт стерлинг) көлемінде өтемақы төлеуге үкім шығарды.
Оқиға 24 ақпанда Шанхайда болған. 17 жастағы екі мас жасөспірім жеке бөлмеде үстелдің үстіне шығып, қайнап тұрған сорпаға дәрет сындырған. Олар бұл әрекетті видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Бұл видео Қытай қоғамында үлкен ашу-ыза туғызды.
Мейрамхана әкімшілігі бұл оқиға туралы тек төрт күннен кейін ғана хабардар болғанын және бастапқыда нақты уақыт пен орнын анықтай алмағанын мәлімдеді. Оқиға салдарынан компания 4 000-нан астам қонаққа өтемақы төлеген. Дегенмен, ешкім ластанған сорпаны ішпегені айтылды.
Мейрамхана әкімшілігі оларды кешірім сұрауға және 23 миллион юань (шамамен 2,3 млн фунт) көлемінде келтірілген шығынды өтеуге азаматтық талаппен сотқа берген.
Сот жасөспірімдердің әрекетін "қасақана мүлікке зиян келтіру және қорлау арқылы беделге нұқсан келтіру" деп бағалады. Осы жағдай жеке бөлмедегі ыдыс-аяқ пен асхана ортасын ластағанын әрі қоғамда үлкен жағымсыз әсер тудырғанын мәлімдеді. Ата-аналар "қамқоршылық міндетін орындамағаны үшін" жауапты деп танылды. Олар бедел мен бизнеске келген зиян үшін - 2 миллион юань (206 100 фунт), ыдыс-аяқ пен тазалық шығындарына - 130 000 юань (13 398 фунт), заң шығындары үшін 70 000 юань (7 214 фунт) – өтеуге міндеттелді, - деп жазылған Шанхайдағы Хуанпу аудандық соты хабарламасында.