Сиыр етінің бағасы әлем бойынша жаңа деңгейге көтерілді

0
114

Сиыр етінің құны соңғы бес ай қатарынан үздіксіз өсіп келеді.


Сиыр етінің бағасы әлем бойынша жаңа деңгейге көтерілді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Әлемдік нарықта сиыр етінің бағасы тарихтағы ең жоғары көрсеткішке көтерілді - 1 килограмм ет 7 АҚШ долларынан асты, деп жазады zakon.kz.

РИА Новости мәліметінше, сиыр етінің құны соңғы бес ай қатарынан үздіксіз өсіп келеді. Қазан айында баға қыркүйекпен салыстырғанда 3%, ал өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 17% жоғарылаған.

Нәтижесінде сиыр етінің орташа бағасы 7,1 долларды құрады — бұл 1960 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Мамандар бағаның қымбаттауын сүт өнеркәсібімен бәсекелестікпен байланыстырады: сүт өнімдерінің бағасы өскен сайын, шаруалар ет өндірісіне арналған мал санын азайтып жатыр.

Қосымша фактор ретінде АҚШ-та сиыр етіне деген импорттық сұраныстың артуы атап өтіледі. Әлемдегі ең ірі өндіруші әрі тұтынушы саналатын бұл елде биыл ет өндірісі төмендеген.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамына сәйкес, биыл елде сиыр еті өндірісі 12,2 млн тонна, ал экспорты 1,2 млн тонна болады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тиісінше 1% және 11% төмен. Негізгі себеп — ішкі нарықтағы жем-шөптің тапшылығы.

Сондай-ақ, биыл сиыр еті өндірісінің азаюы Еуропалық Одақта (-1%) және Аргентинада (-3%) да байқалуы мүмкін. Бұл өңірлерде пайда аздығы мен қолайсыз ауа райы жағдайлары мал басының қысқаруына әкеліп отыр.