Қазір жанармайды шетелге шығаруға шектеу трейдерлер мен жылына 1 млн тоннадан аз отын өндіретін компанияларға қолданылады.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. Ресей премьер-министрінің орынбасары А.Новак нарықтық жағдай талап етсе, мемлекет жанармай экспортын, соның ішінде өндірушілер үшін де, толықтай тоқтатуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Татарстанда өткен мұнай саммитінде мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
Новактың айтуынша, сұраныс артқан кезеңде экспортқа тыйым өндіруші емес компаниялардан бөлек жанармай өндірушілерге де салынған. Сондықтан егер бұл орынды деп танылып, жағдай қажет етсе, экспортқа толықтай шектеу енгізіледі.
Қазір жанармайды шетелге шығаруға шектеу трейдерлер мен жылына 1 млн тоннадан аз отын өндіретін компанияларға қолданылады. Ол алғаш рет 2024 жылдың 1 наурыз -31 тамыз аралығында енгізіліп, кейін уақытша тоқтатылған. Бірақ ірі мұнай өңдеу зауыттары үшін кейбір ерекшеліктермен қайта күшіне енген болатын.