Ресей жаңа ереже енгізді: QR-коды жоқ қазақстандық жүк көліктері шекарадан өтпейді

0
102

Жаңа ережелер туралы ақпаратты толығырақ Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің ресми ресурстарынан білуге болады.


Ресей жаңа ереже енгізді: QR-коды жоқ қазақстандық жүк көліктері шекарадан өтпейді

primeminister.kz

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы жүк көліктерінің елге кіру тәртібін өзгертіп жатыр. 2026 жылдың 1 маусымынан бастап автомобильмен тауар әкелу кезінде жаңа жүйе — тауарды алдын ала растау жүйесі енгізіледі, деп жазады Ulysmedia.kz.

МКК 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ресейде автокөлікпен әкелінетін тауарларды күтуді растау жүйесі енгізілетінін ескертті.

«Тауарларды автомобиль көлігімен әкелу кезінде Ресей Федерациясындағы алушы алдын ала алдағы жеткізілім туралы құжатты ресімдеп, QR-код алуы қажет. QR-код жүргізушіде болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі тиіс. Расталған QR-кодтың болмауы Ресей Федерациясына жібермеуді және көлік құралын кері қайтаруды көздейді», – делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратында.

Қазақстандық жүргізушілер нені білуі қажет?

Комитет тасымалдаушылар мен жүргізушілерге 2026 жылғы 1 маусымнанбастап мыналарды ұсынады:


• Ресейдегі алушы QR-кодын алдын ала рәсімдеуге міндетті
• QR-кодты жүргізуші басып шығаруы немесе электронды түрде ұсынуға міндетті
• QR-коды жоқ болса - кіруге тиым салынады және көлік қайтарылады
• Кодтағы деректерді тауар құжаттарымен салыстырып тексеріңіз.

«Тасымалдауды жоспарлау кезінде аталған өзгерістерді ескеруді және тауарларды ресейлік алушылармен алдын ала өзара іс-қимыл жасауды сұраймыз», – деп үндеу тастады МКК тасымалдаушыларға.

Жаңа ережелер туралы ақпаратты толығырақ Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің ресми ресурстарынан білуге болады.