Ресей астанасына қар жауып, күн күрт суытты

0
120

Сәуір айының соңында Мәскеуді қар басты.


Ресей астанасына қар жауып, күн күрт суытты

фото: mail.ru

ERNUR.KZ. Синоптиктердің мәліметінше, мегаполисте қар қалыңдығы 12 сантиметрге дейін жеткен, деп жазады inbusiness.kz.

27 сәуір күні мұндай көлемде қар түсуі қала тарихында алғаш рет тіркеліп отыр.

Мамандардың айтуынша, ауа райының күрт суытуына Балтық циклондары себеп болған. Осыған байланысты қалада "қызғылт сары" деңгейдегі дауылды ескерту жарияланды.

Алдағы күндері боран күшейіп, көктайғақ болып және найзағай ойнауы мүмкін.

Қалың қардан қала көшелерінде көлік қозғалысы қиындап, кей жерлерде ағаштар құлаған. Сонымен қатар, Мәскеу облысының бірқатар аудандары жарықсыз қалған. Қауіпсіздік мақсатында қаладағы көптеген саябақ жабылып, электросамокаттар мен велосипедтерді жалға беру уақытша тоқтатылды.