Өзбекстанда қауынның түрлі сортынан пойыз құрастырылды

0
76

Хиуадағы дәстүрлі қауын фестивалінде ерекше инсталляция елдің назарын өзіне аударды.


Өзбекстанда қауынның түрлі сортынан пойыз құрастырылды

Фото: x.com/sbbytoday

ERNUR.KZ. Мыңдаған қауыннан құрастырылып жасалған "Жалолиддин Мангуберди" пойызы көпшіліктің көзайымына айналды, деп жазады inbusiness.kz.

Инсталляция жанында суретке түскісі келген жергілікті тұрғындар мен туристер ұзын-сонар кезекке тұрды.

Ерекше композиция Ташкент пен Хиваны байланыстыратын жоғары жылдамдықты пойыздың үлгісі ретінде жасалған.

Дәстүрлі қауын фестиваліне елдің түкпір-түкпірінен Хиуаға жиналған фермерлер әртүрлі климаттық жағдайда өсірілген қауындарды, соның ішінде сирек кездесетін сорттарды ұсынды.