Өзбекстан шекарашылары екі қырғызстандықты шекарада атып тастады

0
114

Қос тарап бірлескен тергеу жүргізеді.


Өзбекстан шекарашылары екі қырғызстандықты шекарада атып тастады

Фото: svodka.akipress.org

ERNUR.KZ. Өзбекстан шекарашылары екі қырғызстандықты шекарада атып тастады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратты Қырғыз Республикасы Шекара қызметінің баспасөз қызметі растады. Белгілі болғандай, 25 тамыз күні полицияға Чаткал ауданының Айгыр-Жал ауылының екі тұрғыны жоғалып кеткені туралы өтініш түскен.

28 тамызда өткен жұмыс кездесуі барысында Өзбекстанның шекара қызметі 15 тамыз күні Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан шекаралары түйіскен аймақта өзбек шекара жасағы екі белгісіз азаматты анықтағанын мәлімдеді.

Өзбекстан тарапының ақпаратына сәйкес, азаматтарды ұстауға әрекет жасау барысында олар талапқа бағынбаған. Салдарынан шекарашылар қару қолдануға мәжбүр болған. Екі адамға оқ тиіп, оқиға орнында көз жұмған.

31 тамызда жоғалып кеткен екі азаматтың туыстары Өзбекстанға барып, олардың жеке басын растады. 1 қыркүйек күні "Баймак" бақылау-өткізу бекеті арқылы Қырғызстанның екі азаматының мәйіттері қырғыз тарапына берілді.

Енді тараптардың шекара қызметі оқиға орнына барып, бірлескен тергеу жүргізбек. Өзбекстан тарапы қаза тапқандардың табылған мүлкін, атап айтқанда, үш жылқы мен бір шатырды Қырғызстанға беруге дайын.