Отбасы тіс емханасын ашып, адамдарды интернеттегі нұсқаулықтар арқылы емдеп келген

0
121


Отбасы тіс емханасын ашып, адамдарды интернеттегі нұсқаулықтар арқылы емдеп келген

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Чехияда полиция жасырын жұмыс істеген отбасылық тіс емханасын әшкереледі, деп жазады Stan.kz.




Үш адамнан тұратын отбасы 50 жастағы мейірбике, оның 44 жастағы күйеуі және 22 жастағы ұлы бар. Олар медициналық қызмет көрсетуге рұқсатсыз, өз үйлерінде екі жыл бойы пациенттерді қабылдап келген. Ұлы интернеттен алған нұсқаулықтар арқылы тістерді жұлып, емдесе, анасы оған көмекші болып, ал әкесі протездер жасаумен айналысқан.

Осы уақытта аралығында олар төрт миллион чех кронын (96 896 217 теңге) табыс тапқан. Оларды бір науқастың шағымынан кейін әшкерелеген. Жалған дәрігерлердің емінен кейін ер адамда ауыр асқынулар пайда болып, ол нағыз стоматологқа жүгінген.

Үшеуі де заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, денсаулыққа зиян келтіру және есірткі заттарын өндіру баптары бойынша кінәсін мойындады. Оларға сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Полицияның айтуынша, ондаған адам бұл қылмыстық топтың құрбанына айналған.