Онлайн-ойынға тәуелділік: Жасөспірім анасы мен ағасын, екі әпкесін атып өлтірді

0
151

Пәкістанның Лахор қаласында 17 жастағы Зайн Әли онлайн-ойынға тәуелділігі салдарынан отбасын қырып салғаны үшін 100 жылға бас бостандығынан айырылды.


Онлайн-ойынға тәуелділік: Жасөспірім анасы мен ағасын, екі әпкесін атып өлтірді

ERNUR.KZ. PUBG ойынына тәуелді болып, анасын, ағасын және екі әпкесін өлтірген жасөспірім сотталды, деп жазады baq.kz.

Пәкістанның Лахор қаласында 17 жастағы Зайн Әли онлайн-ойынға тәуелділігі салдарынан отбасын қырып салғаны үшін 100 жылға бас бостандығынан айырылды.

Судья шешімімен ол төрт бап бойынша кінәлі деп танылған. Оған әрбір адамды өлтіргені үшін 25 жылдан тағайындалды. Жасына байланысты өлім жазасынан құтылып, төрт мәрте өмір бойына түрмеге қамалатын болды.

Сотталушы онлайн-ойынның ықпалымен өз отбасын аяусыз қырып салды, – деді судья.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Әли көп уақытын бөлмесінде PUBG ойнаумен өткізген. Сол үшін анасынан жиі ескерту естіген. Қанды оқиға болған күні ол бірнеше сағат онлайн-ойын ойнап, жеңіске жете алмай ашуланған. Оның үстіне сол күні анасынан да ұрыс естіп, ашуға бой алдырған.

Ойында жеңіске жете алмай қалған бала ашуға булығып, отбасы мүшелері ұйықтап жатқанда барлығына оқ атқан.

Судья үкімінде бұл қылмысты "ойынның отбасы құндылықтарынан да үстем тұрған тәуелділіктің салдары" деп бағалады.