Норвегиядағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

0
120


Норвегиядағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

no.usembassy.gov

ERNUR.KZ.Норвегия астанасы Ослодағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды, - деп жазадыTengrinews.kz.

Полицияның NRK телеарнасына хабарлауынша, жарылыс 8 наурызға қараған түні АҚШ елшілігінің кіреберісіне жақын жерде болған. Ғимаратқа аздаған зақым келгенімен, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, күдіктілерді іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнына тексеру жүргізіліп жатыр.

Елшілік орналасқан Сёркедальсвейен көшесі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды.

Еске салайық, бұған дейін Иран Дубайдың туристер көп шоғырланатын ауданындағы 23 Marina Tower биік тұрғын үйіне соққы жасағанын мәлімдеген еді. Тегеранның мәлімдеуінше, шабуылдың нысанасы америкалық әскери қызметкерлер болған.