27 сәуірге қараған түні Мәскеуде 16 миллиметр жауын-шашын түсті.
Фото: ТАСС
ERNUR.KZ. Бүгін Ресей астанасында сәуір айының соңындағы жағдай бойынша қардың қалыңдығы рекорд орнатып, 12 см-ге жетті. Бұл туралы синоптик Михаил Леус өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады inform.kz.
— Таңертең астанада қар жамылғысының биіктігі 12 сантиметрге жетті. Бұл рекорд саналады, 27 сәуірде Мәскеуде мұндай қалың қар бұрын-соңды болмаған. Бұған дейінгі рекорд 10 сантиметр болған және 55 жыл бойы сақталған, — деп жазды ол.
Сонымен қатар, 27 сәуірге қараған түні Мәскеуде 16 миллиметр жауын-шашын түсті. Бұл көрсеткіш тәуліктік рекордтан асып түсті — бұған дейінгі ең жоғары деңгей 1880 жылы тіркеліп, 14,7 миллиметр болған.
Синоптиктің айтуынша, жауын-шашын әлі де жауып жатыр. Сондықтан жаңа рекордтың нақты мәні метеорологиялық тәулік аяқталғаннан кейін, яғни кешкі сағат 21:00-ден соң белгілі болады.


