​Мәскеудің құрылыс алаңындағы өрт: үш адам қаза тапты

0
102

Ғимарат ішінде 200-ден астам адам болуы мүмкін.


​Мәскеудің құрылыс алаңындағы өрт: үш адам қаза тапты
Фото: Видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Мәскеудің солтүстігінде салынып жатқан көп қабатты ғимаратта өрт шықты, деп жазады inform.kz.

— Соңғы мәліметтер бойынша, 31 адам құтқарылды, жеті адам жарақат алды, үшеуі қаза тапты. Ғимараттың екінші қабатынан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғимарат ішінде 200-ден астам адам болуы мүмкін.
Өртке ең жоғары деңгейлі күрделілік, бесінші дәреже берілді. 120-дан астам адам және 30 техника жұмылдырылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі жұмысшылар кабинасындағы электр панеліндегі қысқа тұйықталу болуы мүмкін.
— Бұл оқиға бойынша процедуралық тергеу барысы мен нәтижесін прокуратура бақылап отыр, — деп хабарлады Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жауған қар мен жел өрт сөндіру жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр.
Бұған дейін Мәскеуге жауған қар шамамен 150 жыл бұрынғы рекордты жаңартқаны хабарланған болатын.