Луврды тонау ісі: тағы екі күдіктіге айып тағылды

0
170

Бұған дейін тергеу аясында тағы бес адам ұсталған, олардың бірі ДНҚ-сараптамасы арқылы анықталған.


Луврды тонау ісі: тағы екі күдіктіге айып тағылды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Париж полициясы Луврдағы зергерлік бұйымдарды ұрлау ісі бойынша тағы екі адамды қамауға алды. Осылайша ұсталғандар саны жетіге жетті, деп жазады tengrinews.kz.

Париж прокуроры Лор Бекконың айтуынша, 37 жастағы ер адамға ұйымдасқан топ құрамында ұрлық жасады және қылмыстық сөз байласуға қатысты деген айыптар тағылды. Оның болжамды сыбайласы, 38 жастағы әйел, көмекші ретінде тергеліп жатыр. Екі күдікті де қамауға алынды.

Бұған дейін тергеу аясында тағы бес адам ұсталған, олардың бірі ДНҚ-сараптамасы арқылы анықталған. Үшеуі кейін айып тағылмай босатылған.

Осы аптада ұқсас айыптар Париждің солтүстігінде тұратын 34 және 39 жастағы екі ер адамдарға да тағылды. Тергеу оларды қылмысқа қатысы бар төрт адамнан тұратын топтың мүшелері болды деп санайды. Прокуратура дерегінше, екі күдікті ішінара кінәсін мойындаған.

Луврды тонау ісі

Еске салайық, 19 қазанда Луврды тоналды. Париж прокуратурасының мәліметінше, Наполеонның екінші жұбайы Мари-Луиза жинағынан алқа мен сырға, Мария-Амалия мен голландиялық Гортензия де Богарна патшайымдардың жинағынан тағы үш зергерлік әшекей, сондай-ақ, Евгения патшайымның жинағынан бірнеше зат ұрланған.

Макронның реакциясы және ІІМ мәлімдемесі

Франция ішкі істер министрі Лоран Нуньестің айтуынша, қылмыскерлер үшеу немесе төртеу болған, олар скутерлермен келіп, Аполлон галереясына жету үшін жүк көлігінің құрылыс себетін пайдаланған және екі витринаны бұзып ашқан.