Ливанда 9 сәуір ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

0
100

​Ресми мәліметке сәйкес, шабуылдар салдарынан 254 бейбіт тұрғын көз жұмған.


Ливанда 9 сәуір ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

ERNUR.KZ. Ливан премьер-министрі Наваф Салам 9 сәуірді Израильдің әуе шабуылдарынан қаза тапқандарға байланысты ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп жазады baq.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, шабуылдар салдарынан 254 бейбіт тұрғын көз жұмған. Премьер-министр үкіметтік мекемелерді, қоғамдық ұйымдар мен муниципалитеттерді уақытша жабуды бұйырып, ел бойынша мемлекеттік туларды түсіруді тапсырды.

Сондай-ақ радио мен теледидар хабарларының кестесі өзгертіледі. Наваф Салам қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуін тіледі.

Премьер-министр халықаралық серіктестермен байланысын жалғастырып, қақтығысты тоқтату бағытындағы жұмыстар жүріп жатқанын мәлімдеді.