Қытайда ерекше жол белгілері пайда болды

0
152

Белгінің үстіне: "Көлік жүргізу кезінде әзілдесу – жол қауіпсіздігіне қауіп төндіреді", деген ескерту жазылған.


Қытайда ерекше жол белгілері пайда болды

Сурет: Zhihu

ERNUR.KZ. Қытайдың Тяньцзинь қаласында жүргізушілерді көлік жүргізу кезінде әзілдесуден сақтандыратын ерекше жол белгілері пайда болды, деп жазады zakon.kz.

South China Morning Post басылымының мәліметінше, белгіде жүргізуші мен жолаушының күліп, әзіл айтып отырғанын бейнелейтін карикатура салынған.

Белгінің үстіне: "Көлік жүргізу кезінде әзілдесу – жол қауіпсіздігіне қауіп төндіреді", деген ескерту жазылған.

Сурет: Zhihu

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай ескерту бекер қойылмаған. Қала тұрғындарының бірі күйеуінің көлік жүргізіп келе жатып әңгімеге немесе әзілге жиі алаңдайтынын айтқан. Соның салдарынан ол кейде бұрылыс жолдарын өткізіп алған немесе бағдаршамның қызыл шамында өтіп кеткен жағдайлар болған.