Ғарыш кемесін ұшыру үшін Long March-2 °F Y22 зымыран-тасығышы пайдаланылған.
Фото: Синьхуа
ERNUR.KZ. Қытайдың «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесі сейсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды, деп жазады inform.kz.
ҚХР ғарышқа ұшыру бағдарламасы басқармасының мәліметінше, ғарыш кемесін ұшыру үшін Long March-2 °F Y22 зымыран-тасығышы пайдаланылған.
Ведомство Қытай ғарыш станциясына қазан айында келген «Шэньчжоу-21» ғарыш кемесінің экипажы орбитада қалыпты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетсек, «Шэньчжоу-20» ғарыш кемесіне ғарыш қоқысы соғылғаннан кейін экипаждың 5 қарашаға жоспарланған оралуы кейінге қалдырылды. 15 қарашада үш қытайлық тайконавт 204 күндік миссиясын аяқтап, Жерге аман-есен оралды.


