Қырғызстанның оңтүстік өңірінің тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді

0
138

Сейсмикалық тербелістің қарқындылығы 3,5 балды құрады.


Қырғызстанның оңтүстік өңірінің тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді

Фото: liter.kz

ERNUR.KZ. 15 шілдеге қараған түні Қырғызстанның оңтүстік өңірінің тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 00:37-де тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрі Хауз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым, Муркут ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым, Қызыл-Қия қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым және Ош қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 54 шақырым жерде болған.

Зардап шеккендер, қираулар немесе инфрақұрылым нысандарының бүлінуі туралы ақпарат түскен жоқ.

Мамандар сейсмикалық жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.