Қырғызстандық ата-ана хиджаб киюден бас тартқан қызын шлангпен ұрып-соққан (видео)

0
32

20 жастағы Бішкек тұрғыны өз ата-анасының қатыгездігіне тап болған.


Қырғызстандық ата-ана хиджаб киюден бас тартқан қызын шлангпен ұрып-соққан (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қырғызстандық ата-ана 20 жастағы қызын молдаға апарып, шлангпен ұрып-соғып, жағымсыз иісті сұйықтық құйылған бөшкеге батырған, деп жазады stan.kz.

Сезім дағдарыс орталығының мәліметінше, 20 жастағы Бішкек тұрғыны өз ата-анасының қатыгездігіне тап болған. Бұған оның хиджаб киюден бас тартуы себеп болыпты. Ата-ана қызын ұзақ уақыт бойы молдаға күштеп апарып, "жын шығаратын" рәсімдер жасаған.

Жәбірленушінің айтуынша, оны шлангпен ұрып-соғып, жағымсыз иісті сұйықтық құйылған ыдысқа күштеп батырған. Сонымен қатар, ата-анасы қызының бостандығын шектеп, телефонын алып қойып, үйден шығуға рұқсат бермеген. Бойжеткен отбасының бір жылдан бері радикалды діни көзқарастарды ұстанғанын хабарлады.

Бұл жағдай желіде қызу талқыға түсті. "Сезім" орталығының өкілдері қыздың ата-анасымен сөйлескен. Осыдан кейін бойжеткенге хиджаб кимеуге рұқсат беріліпті.

Айта кетейік, бұған дейін Исламтанушы хиджабын шешетінін жария түрде хабарлайтын блогерлерді сынға алғаны туралы жазған едік.