Қырғызстанда жынысты өзгертуге тыйым салынуы мүмкін

0
111

Құжатта адамның жынысы тек туған кезде тіркелген биологиялық белгілермен анықталады деген норма бекітіледі.


Қырғызстанда жынысты өзгертуге тыйым салынуы мүмкін

Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Жогорку Кенеш сайтында мемлекеттік құжаттарда биологиялық жыныстың өзгермейтінін бекітуге және оны ауыстыру рәсімдерін шектеуге бағытталған заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Құжатта адамның жынысы тек туған кезде тіркелген биологиялық белгілермен анықталады деген норма бекітіледі. Бұл жазба азаматтың өтініші бойынша да, медициналық қорытынды немесе сот шешімі негізінде де өзгертілмейді. Ерекше жағдай ретінде АХАТ қызметкерлері жіберген техникалық қателіктерді түзетуге ғана рұқсат етіледі.

Сондай-ақ заң жобасында ата-аналар балаларды олардың биологиялық жынысына сәйкес тәрбиелеуге міндетті екені көрсетілген.