Пирамидалар кешеніне бару сапары 5 қараша күні Мысыр Араб Республикасына жасалған ресми сапардың мәдени бағдарламасы аясында өтті.
Сурет: president.kg
ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаров Каир маңындағы әйгілі Гиза пирамидалары кешеніне барды, деп жазады zakon.kz.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, пирамидалар кешеніне бару сапары 5 қараша күні Мысыр Араб Республикасына жасалған ресми сапардың мәдени бағдарламасы аясында өтті.
"Мемлекет басшысына ежелгі өркениеттің және Мысырдың мәдени мұрасының символы саналатын пирамидалардың тарихы жөнінде баяндалды", – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар Садыр Жапаров 1 қарашада Мысыр Президенті салтанатты түрде ашқан Ұлы Мысыр музейіне де барды.
"Садыр Жапаров музейдің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, жылы қабылдау мен ұлы өркениет тарихымен танысу мүмкіндігі үшін мысырлық тарапқа алғысын білдірді", – деп қорытындылады Президенттің баспасөз қызметі.


