Кубада ел бойынша жарық сөніп қалды

0
67

Бұл туралы мемлекеттік Unión Eléctrica de Cuba компаниясы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.


Кубада ел бойынша жарық сөніп қалды

Фото: unsplash

ERNUR.KZ. Кубада ұлттық электр энергиясы жүйесі толық өшіп, ел түгелдей жарықсыз қалды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы мемлекеттік Unión Eléctrica de Cuba компаниясы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.

"Ұлттық электрмен жабдықтау жүйесі толықтай өшті. Қалпына келтіру жұмыстары басталды", – делінген ақпаратта.

Нақтылай кетсек, жарық сөнген сәтте жұмыс істеп тұрған жылу электр станцияларында ешқандай ақау тіркелмеген.