Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Фото: hurriyet.com.tr
ERNUR.KZ. Кубаның батысындағы Пинар-дель-Рио провинциясындағы Мантуа қаласының маңында магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Маусым айының басында осы өңірде магнитудасы 6,2 болатын бұдан да күшті дүмпулер болған, олар ел астанасы Гавана қаласында да сезілген.
Сейсмологтар мұндай белсенділік Кубаның батыс бөлігі үшін қалыптан тыс құбылыс екенін атап өтті, өйткені жер сілкіністері көбіне аралдың шығыс бөлігінде тіркеледі.


