Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

0
122

​Тікұшақ ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде құлаған, апаттың себептері анықталып жатыр.


Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Апат Краснодар өлкесіндегі Калининская станицасынан екі шақырым жерде ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеу кезінде болған. Бұл туралы Ресейдің Краснодар өлкесі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің Бас басқармасы хабарлады, деп жазады baq.kz.

Тікұшақ құлағаннан кейін шамамен 20 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жалынды жедел сөндірді.

Апат салдарынан тікұшақтың ұшқышы қаза тапты.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары әуе апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.