Коронавирустың «кентавр» деген түрі пандемияны тоқтата алады – сарапшы

0
575

Ғалымдар әлемдегі COVID-19-дың жаңа толқынын «кентаврмен» байланыстырып отыр.


Коронавирустың «кентавр» деген түрі пандемияны тоқтата алады – сарапшы

ERNUR.KZ. Иммунолог Владислав Жемчуговтың пікірінше, коронавирустың түршесі саналатын «кентавр» «тірі вакцина» болып, пандемияны тоқтатуы мүмкін, деп жазады zakon.kz.

Медицина ғылымдарының докторы Жемчуговтың айтуынша, «кентавр» анағұрлым жұқпалы, сондықтан ол халықты тез «иммундайды.

«Омикрон штамының» жаңа түршесі қазірдің өзінде көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде де табылғаны атап өтілді. Ғалымдар әлемдегі COVID-19-дың жаңа толқынын «кентаврмен» байланыстырып отыр.